Атырау, 5 желтоқсан 21:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды​

286 рет қаралды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Уорик университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған.

2011-2012 жж. – «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор;

2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер;

2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы;

2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;

2020 жылдың мамыр айынан 2022 жылдың ақпан айына дейін – ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2022 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;

2022 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы;

2023 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қыркүйек айына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы;

2023 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылдың 17 ақпанына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;

2025 жылғы 17 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Баспасөз хатшысы.

9 қыркүйек, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.