Атырау, 5 желтоқсан 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Алматыда ҰҚК 13 тонна кокаин тәркіледі

Бейнежазба
527 рет қаралды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көп сатылы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі бір реттік cалмағы 13 тонна 183 килограмм кокаин есірткі затының партиясы тәркіленді. Осы жүктің бағыты Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзит жасауды көздеген. 

Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

5 қыркүйек, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.