
Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттың сот үкімі бойынша тәркіленген мүлкі қазақстандықтарға аукцион арқылы сатылатынын хабарлады. Одан түскен қаражат жәбірленуші тарапқа залалды өтеуге бағытталады деп атап өтті Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов, - деп жазады Tengrinews.kz.
Перизат Қайраттан тәркіленген мүліктің қатарында:
- Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй,
- Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, Көк Жайлау тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақ орындары;
- Mercedes-Benz S450 2024 жылғы, Lexus LX 600 2024 жылғы, Mercedes-Benz EQE 500 4 matic 2023 жылғы, Haval H6 GT 2024 жылғы автокөлігі.
- "Rebel Flowers" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100 пайыздық үлесі,
- 97 миллион теңгеден астам қаражат пен 22 мың АҚШ доллары да тәркіленді.
Перизат Қайрат - Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі болған.
2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. Биыл 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды.
В Атырау +2