Атырау, 5 желтоқсан 21:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Астанада блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты сот басталды

495 рет қаралды

Астанада 8,4 млн жазылушысы бар блогер Ерболат Жанәбіловтің ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотта Жанәбіловтің қорғаушысы Олег Чернов процессуалдық бұзушылықтарға назар аударды. Оның айтуынша, қорғау тарабы хаттамаға танысу мүмкіндігінен айырылған, түсініктеме беруге құқығы шектелген, ал дәлелдердің бір бөлігі қазақ тілінде болғанына қарамастан аудармашы берілмеген. Қорғау тарапы мұндай материалдарды жарамды дәлел ретінде қабылдауға болмайтынын айтты.

Туризм және спорт министрлігінің комитеті дерегінше, 25–28 тамыз аралығында ведомствоға блогерге қатысты шара қолдануды сұраған бірнеше өтініш түскен. Комитет өкілдері Жанәбілов жарнамалаған курстарды күмәнді деп санап, сынға алған. Алайда сотта олар нақты дәлел көрсеткен жоқ, тек тексеру жүргізудің қажеттігін жеткізді. Курстарға қатысты бақылау сатып алу 29 тамызда, яғни блогерге хаттама толтырылғаннан кейін жүргізілген.

– Жанәбілов ұтыстарды өзінің Kaspi жеке картасынан таратқан. Kaspi Gold арқылы жеке тұлғалар есеп айырысады. Ал корпоративтік шот арқылы төлемдер Kaspi Pay сервисі арқылы жүзеге асады. «Жаңа Бизнес» ЖШС мен Жанәбілов арасында шарт болмаған. Сондықтан комитет блогердің ұтыстарды жарнамалауға заңды негізі жоқ деп санайды. Сонымен қатар, ол курстарды емес, сыйлық қорын жарнамалаған, – деді ведомство өкілі сотта.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Жанәбілов Instagram-дегі zhanabylov_e аккаунты арқылы автокөліктер, ақшалай қаражат және бағалы сыйлықтар ұтысын ұйымдастырған. Қатысу үшін жазылушылар «Zhana Business» ЖШС-нен «оқыту курстарын» сатып алып, 30 мың теңгеден төлеген. Алайда айыптаушылардың айтуынша, компания нақты білім беру қызметін көрсетпеген, ал жиналған қаржы сыйлық қорын жасауға және жеке пайда табуға жұмсалған.

5 қыркүйек, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.