
Түркістан облысының прокуратурасы 86 отбасының атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып, мемлекетке 17 млн теңге шығын келтіргенін анықтады. Талдау нәтижесінде, жекелеген отбасылар өтініш берген кезде бір мекенжайды көрсеткендері белгілі болды.
Бақылау органының мәліметіне сүйенсек, 56 өтініш бойынша жалған қорытынды жасалып, 9,7 млн теңге заңсыз төленген. Сондай-ақ 22 отбасы өздерінің меншігіндегі мүлікті (автокөлік, жер учаскесі және т.б.) жасырған, ал 13 отбасы табыстарын көрсетпеген.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 91 мың адамды құрап, соңғы үш жылда бұл көрсеткіштің айтарлықтай төмендегені байқалады (2023 ж. – 168 мың адам, 2024 ж. – 97 мың адам).
Аталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлармен әкімдікке заңдылықты бұзушылықтарды жою және 36 млн теңгеден астам қаражатты қайтару туралы ұсыныс енгізілді.
В Атырау +2