Атырау, 5 желтоқсан 23:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ресей Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың біріне сақтандыру өтемақысын төледі

417 рет қаралды
Сурет: gov.kz

Ресей Сыртқы істер министрлігі Ақтау маңындағы әуе апатына байланысты сақтандыру төлемдері жасалмады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың 24 желтоқсанында AZAL компаниясына тиесілі Embraer ұшағы Баку–Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатып, Ақтау қаласының жанында құлаған еді. Әуе кемесінде 67 адам болған, олардың ішінде 5 экипаж мүшесі бар. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам көз жұмды.

Ресейдің мәлімдеуінше, «Әзербайжан Әуе жолдары» компаниясына ұшақтың толық сақтандыру құны ретінде 1,003 миллиард рубль, ал жолаушылар мен қаза тапқандардың туыстарына жалпы сомасы 358,4 миллион рубль көлемінде төлем жасалған.

Оның ішінде сақтандыру өтемақысын алғандар:

  • Ресейдің 15 азаматының 7-уі;

  • Әзербайжанның 38 азаматының 35-і;

  • Қырғызстанның барлық 3 азаматы;

  • Қазақстанның 6 азаматының 1-і.

"Қалған қаза тапқандардың жақындарымен және зардап шеккендермен келіссөз әлі де жалғасып жатыр", - делінген ақпаратта.

5 қыркүйек, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.