Атырау, 5 желтоқсан 23:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қытайлық инвесторлар Қазақстанда каналдардағы суды есепке алуды автоматтандыру технологияларының өндірісін іске қосуға ниетті

507 рет қаралды
gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ҚХР-дың ірі кәсіпорындары өкілдерінен құралған делегациямен кездесті. Делегацияны Yellow River Engineering Consulting компаниясының бас экономикалық менеджері Инь Дэвэнь бастап келді.

Кездесуде Қазақстанда жаңа гидротехникалық нысандар салу және ирригациялық каналдарды автоматтандыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар су шаруашылығы саласына қытайлық инвестиция тарту жөнінде пікір алмасты.

Атап айтқанда, ҚХР кәсіпкерлері Қазақстанның оңтүстігінде ирригациялық каналдарда суды есепке алуды автоматтандыру және цифрландыру үшін технологиялар өндірісін іске қосуға дайын екендерін білдірді. Сонымен қатар қытайлық компаниялар қазақстандық су шаруашылығы саласының мамандары үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды ұсынды.

«Біз 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы аясындағы жобаларға шетелдік серіктестерді белсенді тартып жатырмыз. Құжатта көрсетілген маңызды көрсеткіштердің бірі – кемінде 3 500 шақырым каналды жаңғырту және цифрландыру. Қазіргі заманғы жабдықты өз елімізде шығару су шаруашылығын цифрландыру қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.


5 қыркүйек, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.