Атырау, 5 желтоқсан 23:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Лесхоздағы кәріз айдау станциясы жаңартылды

Бейнежазба
621 рет қаралды

Атырау қаласының Лесхоз ықшамауданында орналасқан кәріз айдау станциясы толықтай жаңғыртылды. 1967 жылы салынған нысан қазіргі заман талабына сай қайта жабдықталып, қуаты сағатына 700-ден 1000 текше метрге дейін ұлғайтылды.

Сағатына 1000 текше метр кәріз суын айдайды. Жоба құны – 1,7 млрд теңге. Жөндеу барысында 100 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылып, станция толық автоматтандырылып, уату (дробилка) қондырғысы орнатылды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың шілдесінде басталып, биыл қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Тапсырыс беруші – облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. Құрылыс мердігері – «КАЗАЛЬЯНС 2013» ЖШС.

Мердігер ұйымның өкілі – КНС учаске бастығы Ерлан Тәжіғұловтың айтуынша, бұрын станция ішінде қолқаны қабатын иіс болып, шахталар толып кеткен екен.

- Қазір нысан 100 пайыз жаңартылды. Дизель генераторы, трансформаторы, бейнебақылау жүйесі, ауыр көліктер үшін аулада бетон жолдары салынды, – дейді Тәжіғұлов.

Жаңартылған станция арқылы Лесхоз, Сарықамыс және Авангард ықшамаудандарының 10 мыңға жуық тұрғыны кәріз жүйесіне қосылған. Бұрын бұл аудандардан жиі шағым түсетін. Тұрғындардың түрлі мата, қалдық тастауы салдарынан насостар істен шығып, жүйе тұрақсыз болған.

Атырау қаласында барлығы 85 кәріз айдау станциясы бар. Олардың техникалық жағдайы толық зерттеліп, 45 нысанның тозығы жеткені анықталған. Олардың басым бөлігі 1945-1990 жылдар аралығында салынған.

Солардың ішінен тоғыз станцияда қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның үшеуінің құрылысы аяқталған. Бұл станциялар Жилгородоктегі Н. Оңдасынов көшесінде, Л. Владимирский көшесіндегі Тұрмыс үйінің маңында және Азаттық даңғылы бойындағы 67а мекенжайында орналасқан. 

Жыл соңына дейін Лесхоздағы нысанды қоса алғанда, қалған алты станция іске қосылады деп күтілуде:

бұл станциялар – Теміржол ауруханасы жанындағы Привокзальный ықшамауданында, Балықшы елді мекенінде, Нұрсая ықшамауданында, Сәтпаев көшесіндегі «Тамаша» сауда орталығы маңында және Махамбет пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан.

Бұдан бөлек, қазір 15 кәріз айдау станциясының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Тағы 20 нысан бойынша құжаттар әзірленіп жатыр. Жобаның толық орындалу мерзімі – 2027 жылға дейін.

Жаңартылып жатқан станциялар «Атырау облысы су арнасы» мекемесінің автоматтандандырылған диспетчерлік басқару жүйесіне қосылған. Бұл арқылы диспетчерлер әрбір станцияның жұмысын қашықтан бақылап, апатты жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік алады.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен видеоны түсірген автор

4 қыркүйек, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.