Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Атыраудағы жаңа кәріздік-сорғы станцияларына бейнебақылау орнатылады

637 просмотра

«Атырау облысы Су Арнасы» Атыраудағы кәріздік-сорғы станциясын күрделі жөндеуден өткізу құны 800 млн теңге екенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Атырауда тоғыз сорғы станциясына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Кәріздік сорғы станциясын күрделі жөндеу құнына шахта мен машина бөлімін қайта жарақтау, барлық инженерлік желіні, құдықтарды ауыстыру, сорғы агрегаттары мен оларды басқару шкафтарын, бейнебақылау, желдету жүйесін орнату және КСС жаңа ғимараттарын салумен қатар абаттандыру жұмыстары кіреді. Қазіргі таңда Нұрсая, Лесхоз, Жилгородок, Балықшы ықшамаудандарындағы, Махамбет пен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы, Сәтпаев даңғылындағы «Тамаша» сауда үйі ауданындағы, темір жол ауруханасы маңындағы, Л.Владимирский көшесінің бойындағы Тұрмыстық үй маңындағы, Азаттық даңғылы бойындағы №40 үй маңындағы кәріздік сорғы станциясы жөнделіп жатыр.

«Атырау облысы Су Арнасы» директоры Мейірім ҚАЛАУИДЫҢ айтуынша, қаладағы қалған 36 кәріздік сорғы станциясын, яғни қалған апатты кәріздік сорғы станцияларын күрделі жөндеуден өткізу үшін қосымша жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Анықтама үшін, кәріздік құрылыстар кешені - тұрғын үйлер мен нысандардан ағынды суларды қабылдауға, тасымалдауға және оларды тазартуға арналған инженерлік құрылғылар. Атырау қаласының кәріздік сорғы жүйесі 298,35 км кәріз желісінен тұрады, оның 112,907 км өздігінен ағатын желі, 185,128 км арынды кәріз коллекторлары, қаланың оң жағалауы мен сол жағалау бөліктеріндегі 85 кәріздік тазарту құрылыстары. Тұрғын үйлер мен нысандардың ағынды сулары өздгінен ағатын кәріз коллекторлары арқылы кәріздік сорғы станцияларына, арынды кәріздік коллекторлар арқылы тазарту қондырғыларына тазартуға жіберіледі.

М.Қалауи Атыраудағы кәріздік сорғы станцияларының тозуы қазіргі таңда 90 пайызды құрайтынын нақтылады. 85 сорғы станциясының 45 қондырғысы апатты жағдайда.

Жұмыстың өзіне келсек: жөнделіп жатқан сорғы станцияларына құйылатын ағынды сулар уақыт схемасы бойынша шығарылады. Ең бастысы, ағынды суларды ағызу күрделі жөндеу жұмыстарына қарамастан тоқтаусыз жүріп жатыр.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА 

24 шілде, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.