Атырау қаласында Балықшы мөлтек ауданы Құнанбаев көшесінде орналасқан кәріздік сорғы стансасына қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлағандай, қайта жаңғырту жұмыстары маусым айында басталған. Мердігер мекеме «Диар және компания» ЖШС.
- Бүгінде ескі нысан бұзылды және жер асты бөлшектеу, тазалау жұмыстары атқарылып жатыр. Алдағы уақытта құрылыс барысында ескі нысанның орнына арнайы модульдік блокты ғимарат орнатылады. Заманауи үш суасты сорғысы қондырылып, шахта іші тазаланғаннан соң пластикалық қаптаумен қапталады. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады, - деді мердігер мекеменің өкілі Темірлан Төлепов.
Атылған кәріздік сорғы 1965 жылы салынған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ