Атырау, 5 желтоқсан 23:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Жамбыл облысында қызын зорлаған әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды

362 рет қаралды

Жамбыл облысында сот қызын зорлағаны үшін әкесіне өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды облыс соттарының баспасөз қызметі.

"Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін айыпталған сотталушы Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі).

Сот 2025 жылы 25 сәуірде сотталушы Ж., Қордай ауылындағы өзінің тұрғылықты мекен-жайында бола тұра, алкогольдік масаң күйінде, жәбірленуші (2019 ж.т.) Р.-ның дәрменсіз күйін пайдаланып, ата-анасы бола тұра, жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын анықтады. 

Сотталушының кінәсі сотталушының, жәбірленуші жас баланың, жәбірленуші жас баланың өкілінің және куәлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, басқа да заттай дәлелдемелермен және істің құжаттарымен дәлелденді.

Прокурор сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап сотталушыны кешірмеді, заң бойынша жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы Ж. кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен Ж. ҚК 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды және моральдық зиянның өтемі ретінде 5 млн теңге өндірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

4 қыркүйек, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.