
4 қыркүйекте сағат 19:00-де "Астана Арена" стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойыны өтеді, онда Қазақстан және Уэльс құрамалары кездеседі, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.
Қонақтардың ыңғайлылығы мен матч өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін "Астана Арена" стадионы маңында – "Алау" мұз сарайы және "Сарыарқа" велотрегі жағынан көлік қозғалысы шектеледі.
Қозғалысқа шектеулер матч басталардан бірнеше сағат бұрын күшіне енеді және оның аяқталнша сақталады. Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, кідірісті ескеруге ғеңес берілді.

В Атырау +2