Атырау, 5 желтоқсан 23:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Тайландтың «Thai Air Asia X» әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады

412 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстердің санын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 

Осылайша, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Тайланд Корольдігінен жаңа шетелдік лоукостер  «Thai Air Asia X» шығады. Әуе компания Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды. 

Қазақстан мен Тайланд арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

3 қыркүйек, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.