
Алматыда ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен әйел ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол алдау жолымен 60-тан астам азаматтың қаражатын иемденіп, оларға жалпы сомасы 330 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Тергеу барысында күдікті алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы жәбірленушілерге Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға ұзақ және қысқа мерзімді виза жасап беруге уәде бергені анықталды.
Қылмыстық жауаптылықтан құтылу үшін ол 60-тан астам жәбірленушімен жалған несиелік келісімдер жасап, қылмысын азаматтық-құқықтық қатынас ретінде жасыруға әрекеттенген. Келтірілген шығын 330 млн теңгеден астам.
Күдікті ұсталды, оның әрекеті ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланып, соттың санкциясымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір барлық жәбірленушілер анықталуда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қала прокуратурасы алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделгенін назарға салады.
В Атырау +2