
Шамамен 4 мың қазақстандық әлі күнге дейін ақша салған үйлерінің құрылысы аяқталуын күтіп отыр. Бүгінгі таңда елімізде үлескердің қатысуымен салынатын құрылыстың мәселе туындап отырған 41 нысаны бар, деп хабарлады ОКҚ-де өткен брифингте Құрылыс және ТҮКШ саясаты департаментінің директоры Руслан Лепесов, деп хабарлайды Информбюро.
Құрылысы бітпеген нысандар:
- Ақмола облысы — 13 нысан
- Ақтөбе облысы — 12
- Маңғыстау облысы — 6
- Атырау облысы — 5
- Алматы — 4
- Алматы облысы — 3
- Қарағанды облысы — 3
- Шығыс Қазақстан облысы — 2
- Павлодар облысы — 1
- Солтүстік Қазақстан облысы — 1
- Абай облысы — 1
Лепесовтың айтуынша, бекітілген жол картасы аясында үкімет үлескерлік құрылыстың аяқталмаған барлық мәселесін шешіп, қалған үйлерді 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беруді көздейді.
Құрылысы бітпеген нысандар проблемасы тұрғын үй құрылысы саласындағы ең өткір мәселелердің бірі болып қала береді. Мемлекеттік органдар құрылыс салушыларға бақылауды күшейтіп, басталған істі екі жыл ішінде аяқтауға уәде беріп отыр.
В Атырау +2