
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықта пайдаланылған қару қылмыскердің қолына полиция қызметкерлерінің кінәсінен түскенін растады, деп хабарлайды ZTB News.
"Иә, өкінішке орай, осындай жағдай болды. Қызметкерлер тарапынан немқұрайлылық орын алған. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу аясында барлық жағдайды: кімнің кінәсі, қару оқ атқан адамның қолына қалай түскенін анықтаймыз", - деді ІІМ басшысы парламент кулуарында.
Бұған дейін Ернар Жиембай атқан мылтық елордада есептен шығарылған болып тіркелгені әлеуметтік желіде хабарланған еді.
Жиембай Берденовке қастандық жасағаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. ІІМ қарудың айыпталушыға қалай жеткенін егжей-тегжейлі анықтауға уәде берді.
В Атырау +2