Атырау, 5 желтоқсан 23:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстан Қытайға флекстанк арқылы алғашқы күнбағыс майын экспорттады

383 рет қаралды

Шығыс Қазақстан облысынан Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Нантонг қаласына 156 тонна күнбағыс майы тиелген алғашқы партия жөнелтілді.  

Бұл жүк жеткізу Қазақстан мен Қытай теміржол әкімшіліктерінің келісімі бойынша пилоттық жоба аясында жүзеге асырылды. Жөнелтімге «ҚТЖ» ҰК» АҚ пен Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы (МДҚӨҰҚ) ұйытқы болды.

Жүк 40 футтық контейнерлердегі флекстанктар арқылы тасымалданды. Бұл – сұйық жүктерді тасымалдауға арналған арнайы икемді резервуар. 

Флекстанктар жүк тиеу-түсіру уақытын қысқартып, логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Осы заманауи технологияны қолдану арқылы жүк тасымалы Қазақстан мен Қытай арасындағы негізгі сауда бағыттарының бірі – Достық – Алашанькоу шекара өткелі арқылы өтті.

Бұл бастама 2026–2028 жылдарға арналған май-тоң май өнімдері экспортының даму жол картасына енгізілген. Жобаның басты мақсаты – 2028 жылға қарай экспорттан түсетін валюталық түсімді 1 млрд АҚШ долларынан асыру.

МДҚӨҰҚ басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, бұл заманауи логистикалық шешімдер қазақстандық май өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экспорт географиясын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер береді. 

Болашақта Қытайдан бөлек, Таяу Шығыс елдері (БАӘ, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы) мен Оңтүстік Кавказ (Әзербайжан, Армения) бағыттарына да экспортты дамыту жоспарланып отыр.

3 қыркүйек, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.