Атырау, 5 желтоқсан 23:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ақсу ферроқорытпа зауытында үш жұмысшы күйк жарақатын алды

380 рет қаралды

Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілген. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Kazinform.

Ақсу ферроқорытпа зауытында үш жұмыскерді күйік шалған. Алдын ала берілген мәлімет бойынша бұл жағдай өндірістік процесс барысында орын алған. Жұмысшылар балқыту цехындағы пештен шихта материалдары ұшқанда күйіп қалған болуы керек.

- Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі стационарда ем қабылдап жатыр. Ал үшіншісі амбулаториялық емдеуде. Жазатайым оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. Компания қызметкерлерге қажетті көмекті көрсетіп жатыр, - деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.

Полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

3 қыркүйек, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.