Атырау, 5 желтоқсан 23:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Олжас Нуралдинов ант қабылдап, "Ақ жол" партиясынан Мәжілісте орын алды

303 рет қаралды
Сурет: akzhol.kz

Қазақстан Парламентінің төменгі палатасының құрамында жаңа тұлға пайда болды. "Ақ жол" фракциясының партиялық тізімі бойынша Мәжіліске енген Олжас Нуралдинов депутаттық ант қабылдады. Ол өкілеттігін тоқтатқан Ержан Бейсенбаевтың орнына отырды.

Нуралдинов сондай-ақ фискалдық және экономикалық саясат мәселелерімен айналысатын Қаржы және бюджет комитетінің құрамына енгізілді.

Білімі: Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (2011), мамандығы "Құқықтану";

Астана қаласындағы "ESIL UNIVERSITY" мекемесі (2023), мамандығы "Іскерлік әкімшілік" МВА.

Еңбек өтілі: "KAZECOTRANSIT" ЖШС-нің Бас директоры (12.2014-09.2022);

"СИНЭК" ЖК басшысы (10.2014);

"Казпостсервис" ЖШС директоры (04.2013-09.2016);

"Ақ жол" ҚДП" ҚБ Алматы қалалық филиалының төрағасы (08.2021).

Сайланбалы лауазымдары, депутат жолы: "Қазақстанның демократиялық партиясы "Ақ жол" ҚБ партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат (13.02.2023);

Алматы қаласының VIII шақырылған мәслихатының депутаты (03.2023-11.2024);

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (27.08.2025 бастап)

Партияға қатысы: "Ақ жол" ҚДП" ҚБ Алматы қалалық филиалының төрағасы.

3 қыркүйек, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.