Атырау, 5 желтоқсан 23:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Кездесу сылтауымен қорқытып ақша алу: Көкшетауда үш жас сотталды

264 рет қаралды

Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты үш жасқа – Д. (23 жаста), Ш. (21 жаста) және жұмыссыз жүрген Б.-ға (19 жаста) қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотталушылар бір-бірін білетін. Жәбірленуші Т. Көкшетауға әлеуметтік желіде танысқан қызбен кездесуге келген. Қыздың құрбысы оның қауіпсіздігін ойлап, Б.-дан құрбысын жалдамалы пәтерге апаруын өтінген. Онымен бірге ол жерге Д. және Ш. да барған.

Пәтерде сотталушыларда кенеттен бопсалау ниеті пайда болған. Олар өздерінің әрекеттерінжасыру үшін Т.-ны сыртқа шығарып, көлікке отырғызып, адам жоқ бос жерге әкелген. Онда олар жәбірленушіні ұрып-соғып, мүлкін беруді талап еткен. 

Осыдан кейін олар қайтадан пәтерге оралып, заңсыз әрекеттерін сол жерде жалғастырған. 

Т., зорлық-зомбылық пен қорқытудың әсерінен құны 110 мың теңге тұратын ұялы телефонын беріп, мобильді банкинг арқылы 25 мың теңге аударып, жалпы сомасы 280 мың теңге төрт шағын несие алуға мәжбүр болған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оның дене жарақаттары көгерген және сыдырылған.

Сотта жәбірленуші Б.-ға қатысты тараптардың татуласуына байланысты заңсыз бас бостандығынан айыру эпизоды бойынша істі тоқтату және келтірілген зиянды өтеу туралы өтінішхатпен жүгінді.

Іс материалдарын зерделеген сот сотталушылардың кінәсін дәлелденген деп тапты. Олардың әрекеттері үйлестірілген және жәбірленушінің есебінен заңсыз баюға бағытталғаны анықталды. 

Қылмыс адамдар тобының құрамында күш қолдану арқылы жасалған, бұл әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесін айтарлықтай арттырады. 

Бұл ретте сот әрбір сотталушының жеке жағдайларын – тұрақты тұрғылықты жерінің болуын, оң сипаттамаларын, сондай-ақ жәбірленушімен жекелеген эпизодтар бойынша татуласуды ескерді. 

Ең белсенді қатысушы деп танылған Ш.-ға қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Б., тараптардың татуласуына байланысты заңсыз бас бостандығынан айыру эпизоды бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылды (ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі). Бопсалағаны үшін өкінгенін және келтірілген залалды өтеуді ескере отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру шартты түрде тағайындалды (ҚК-нің 63-бабы).

Д., ҚК-нің 126-бабы, 2-бөлігі, 1,8-тармақтары бойынша, қатысқаны туралы айғақтардың болмауына байланысты ақталды. Алайда, бопсалау үшін оның қосалқы рөлі мен оң қасиеттерін ескере отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот қылмыс жасау кезінде пайдаланылған Mitsubishi Pajero Sport көлігін тәркілеу туралы шешім шығарды.


3 қыркүйек, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.