
Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.
2020 жылдың қараша айында ол RBK банкінен 144 млрд теңге жымқырғаны үшін жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болып 11 жылға бас бостандығынан айырылды. 2021 жылдың наурызында ол қылмыстық топ құрғаны және алаяқтық жасағаны үшін 9 жылға сотталды.
2022 жылы «тергеудегі және қамаудағы Жомарт Ертаев мамыр айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/1 аралас қауіпсіздік мекемесінде қамауда отыр» деп хабарланған болатын.
Козачковтың жариялаған ақпаратына сәйкес, Ертаевқа тергеу изоляторында болған уақытының 1 күні 1,5 күн ретінде есептелді; оған рақымшылық қолданылып, мерзімінің бір бөлігі "қысқартылды", сонымен қатар ол кінәсін мойындап, қылмыстарды ашуға көмектесті және шығынды өтеуге күш салды.
Банкирдің босатылуына қатысты ҚР ІІМ ҚАЖ ресми түсініктемесі күтіліп отырмыз.
Жомарт ӘМІРХАНОВ
В Атырау +2