Атырау, 28 қазан 22:13
 дождьВ Атырау +12.7
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65

Тараздағы қайғылы оқиға: оқушы Білім күні пышақ жарақатынан қаза тапты

757 рет қаралды

Таразда 1 қыркүйек, Білім күні қайғылы оқиға орын алды – оқушы пышақ жарақатынан қаза тапты. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Hola News.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті, ол да кәмелетке толмаған, ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп нақтылады полиция мамандары. Өлімге әкеп соққан пышақ жарақаты жүрек тұсына салынған.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы мен жасөспірімдер арасында не себептен дау туғаны анықталып жатыр. Қала мектептерінде алдын алу және бақылау шаралары күшейтілді.

2 қыркүйек 2025, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.