Атырау, 6 желтоқсан 00:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​ҰҚК тамыздағы жемқорлықпен ​күрес қызметіне есеп берді

302 рет қаралды
Видеодан жасалған скрин

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 2025 жылғы тамыздағы жұмыстың нәтижесі туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес шеңберінде ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тамыз айында ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша 51 құқықбұзушылық дерегін тіркеді:
- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 4;
- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) - 1;
- 366-бап (пара алу) - 17;
- 367-бап (пара беру) - 18;
- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) - 3;
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 4;
- 190-бап (алаяқтық) - 2;
- 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) - 1;
- 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) – 1 баптары бойынша сараланатын 51 құқық бұзушылық фактісін тіркеді.

Сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша 29 қылмыстық іс жолданды:
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 9;
- 190-бап (алаяқтық) - 6;
- 366-бап - (пара алу) - 6;
- 367-бап (пара беру) - 5;
- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) - 2;
- 365-бап (заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау) – 1 баптары бойынша 29 қылмыстық іс жіберілді.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 730 мың теңге сомасында сыйақы берілді.

2 қыркүйек, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.