Атырау, 6 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мемлекет басшысы СNPC директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады

256 рет қаралды
Сурет: Ақорда

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC компаниясы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. 

Мемлекет басшысы осы жылдар аралығында компаниямен жоғары деңгейде ынтымақтастық орнағанына назар аударып, еліміздің энергетика секторы үшін мәні зор ауқымды жобаларды бірге атқаруға мүдделі екенін жеткізді.

Әңгімелесу кезінде көмірсутегін өндіру және өңдеу бағытындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру мәселесіне ден қойылды. 

Президент жылдық қуаты 12 миллион тоннаға дейін жететін Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту өзекті екенін айтты. Сондай-ақ газ химиясы өндірісін дамыту перспективасына тоқталды. 

Бұдан бөлек, Ақтөбе облысындағы карбамид зауытының құрылысы жөнінде пікір алмасты. Аталған кәсіпорын еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің өркендеуіне тың серпін береді.


2 қыркүйек, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.