Атырау, 6 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ақмола облысында атышулы қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды

301 рет қаралды
Фото: freepik.com

Ақмола облысының прокурорлары әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі банктік несиелер рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады.

ҰҚТ құрамына еліміздің түрлі өңірлерінен 25 адам кірген. Олардың арасында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орталық аппаратының қызметкері, сондай-ақ бірқатар банктердің («Kaspi Bank», «ForteBank», «Еуразиялық Банк», «Jusan bank») қызметкерлері болған. Олардың қатысуымен 5 жылдан астам уақыт бойы алаяқтық әрекеттер жасалған.

Қылмыстардың құрбаны болғандар – Республика бойынша 348 азамат. Келтірілген шығын көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.

Тергеу барысында қылмыстық жолмен табылған мүліктер анықталды: Алматы қаласындағы пәтерлермен жер телімдері, қымбат автокөліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша. Тәркіленгеннің жалпы құны – 2,7 млрд теңге.

Топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда қылмыстық іс процесс қатысушыларына танысуға берілді, түпкілікті шешімді сот шығарады.

Прокуратура ескертеді: сақ болыңыздар, алаяқтарға сенбеңіздер!

Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жариялауға жатпайды.


2 қыркүйек, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.