Атырау, 6 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Астанадағы сот орындаушылары өндіріп алынған қаржымен «ойнап», миллиондарды құмар ойындарға жұмсаған

293 рет қаралды

Қала прокуратурасы екі жеке сот орындаушысының әкімшілік айыппұлды өтеуге арналған қаражатты жымқыру фактілерін анықтады.

Олар екі жыл бойы сот актілерін орындап, мемлекет қазынасын толықтырудың орнына, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, қаражатты иемденіп, жеке мақсаттарына, соның ішінде құмар ойындарға қатысуға жұмсаған.

Сол сияқты жеке және заңды тұлғалардың қаражаты да жымқырылған. 

Жалпы шығын 26 млн теңгеден асты.

Сот орындаушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, кейін олар келтірілген шығынды толығымен өтеді.

Тергеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган оларды лицензияларынан айыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Өз кезегінде, осыған ұқсас қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін уәкілетті органға қарыз сомасын тікелей өндіріп алушыларға аудару және атқарушылық санкцияны есептеу үшін жасанды интеллектті пайдалану ұсынылды.


2 қыркүйек, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.