
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі ресми түрде бекітілді.
Бұл медаль Қазақстан Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ конституционализм қағидаларын дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға табысталады.
Медаль сонымен қатар жұмысшы мамандарға, бюджет саласы мен өндіріс ұйымдарының қызметкерлеріне және басқа да азаматтарға беріледі. Бұл награда олардың адал еңбегін, Отан мен қоғам алдындағы ерекше қызметін бағалаудың маңызды белгісі болып табылады.
В Атырау +2