Атырау, 6 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Сот қорғаныс саласындағы 1,6 млрд теңге жымқыру ісі бойынша үкім шығарды

407 рет қаралды

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы қаражат жымқыру дерегі бойынша резонанстық істі қарауды аяқтады. Бұл жерде "Қазспецэкспорт" РМК арқылы әскери мақсаттағы өнімдерді сатып алу кезінде жасалған миллиардтаған қаржы жымқыру туралы сөз болып отыр.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2023 жылы Қаржылық мониторинг агенттігімен «Казспецэкспорт» РМК-ның лауазымды тұлғалары мен теріс пиғылды жеткізушілер ұсталып, әскери мақсаттағы өнімдерді сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды және сыбайлас жемқорлық деректері бойынша айып тағылған болатын.

Мемлекетке келтірілген залал 1,6 млрд теңгеден асты.

Сот үкімімен «Казспецэкспорт» РМК бас директоры Рамазанов А.К. 11 жылға бас бостандығынан айырылды, ал кәсіпорынның департамент директоры Кудабаев А.Т. – 10 жылға сотталды. Қалған 9 айыпталушы да әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот мемлекет пайдасына 1,6 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талап-арызды қанағаттандырып, жалпы құны 607 млн теңге болатын мүлікті тәркіледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


29 тамыз, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.