Атырау, 6 желтоқсан 00:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Шымкентте полиция қызметкері көлікпен адам қағып, жаяу жүргінші қаза тапты

441 рет қаралды

Шымкент қаласында полиция қызметкері қатысқан жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталды.

Оқиға 28 тамыз күні Желтоксан көшесінде болған деп хабарлайды Liter.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Ресми мәлімет бойынша, әйел кенеттен ағаш арасынан жүгіріп шығып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Сол кезде жолда келе жатқан полиция автокөлігі оны қағып кетіп, әйел оқиға орнында көз жұмды.

Полиция көлікті тізгіндеген полиция қызметкерінің сау болып, жылдамдықты асырмағанын және жол ережесін бұзбағанын нақтылады. 

Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қорытынды шешім тергеу аяқталғаннан кейін қабылданады.

29 тамыз, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.