Атырау, 6 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​ПИК тарифті көтеру туралы тұрғындарға үш ай бұрын​ хабарлауға міндетті

515 рет қаралды

2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушы компаниялар мен пәтер иелері кооперативтеріне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.  Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Енді басқарушы компаниялар кондоминиум объектілерін ескертусіз тастап кете алмайды және тарифті біржақты көтеруге құқығы жоқ,

Заңға сәйкес, басқарушы компаниялар немесе кооперативтер тарифті өзгерту немесе қызметті мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, автотұрақ орындары мен қойма иелерін кемінде үш ай бұрын хабардар етуі керек.

Тарифті көтеру туралы хабарландыруды растау құжаты ретінде меншік иелерінің жиналысының хаттамасы қабылданады. Онда тарифтің көтерілуіне келісім немесе бас тарту, сондай-ақ басқарушыны ауыстыру ниеті көрсетіледі.

Сонымен қатар, тұрғын үй инспекциялары барлық ақпаратты бірыңғай тізілімге енгізіп, бақылауда ұстайды.

29 тамыз, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.