
Солтүстік Қазақстан облысында табиғат қорғау прокуратурасы бақылауында мемлекеттік орман қорына енгізілмеген және қорғаусыз қалған орман алқаптары анықталды. Қадағалау органының тексеруі орман шаруашылығы саласында заң бұзушылықтар барын көрсетті: жерлерді аудару және есепке алу бойынша шаралар тиісті деңгейде жүзеге асырылмаған.
Орман кодексінің 51-1-бабына сәйкес, өзге санаттағы жерлердегі табиғи өсімдіктер мемлекеттік орман қоры құрамына енгізілуі тиіс. Дегенмен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар басқармасы аудан әкімдерімен үйлестіруді дұрыс өткізбеген.
Прокурорлық тексеріс нәтижесінде Айыртау, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют және Тимирязев аудандарында мемлекеттік орман қорынан тыс қалған 9 мың гектардан астам орман алқаптары анықталды.
Анықталған жерлерді мемлекеттік орман қоры құрамына қосу үшін әкімдік пен барлық мүдделі органдардан комиссия құрылып, нақты мерзімдер мен жауапты тұлғалар белгіленген Жол картасы әзірленді. Қазіргі уақытта Қызылжар орман шаруашылығы құрамына 46,2 гектар орман енгізілді, қалған учаскелер бойынша жұмыстар жалғасуда.
Өз міндетін дұрыс орындамаған 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
В Атырау +2