
2025 жылдың тамызында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараның қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар заң бұзушылықтардың жолын кесті.
Ведомствоның мәліметінше, ай ішінде шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 4 610 адам анықталды. Оның ішінде шекараны заңсыз кесіп өткен 39 шетел азаматы, сондай-ақ шекара бұзуға әрекеттенген 25 шетел азаматы ұсталған.
Сонымен қатар, шекара арқылы заңсыз тауар өткізуге қатысты 1 352 дерек тіркелді. Атап айтқанда:
5 кг-нан астам есірткі заттары;
қару-жарақ пен оқ-дәрілердің 47 дерегі;
678 дана діни әдебиет;
18,5 мың литрден астам жанар-жағармай (құны 5,5 млн теңгеден жоғары);
жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
құны 1,5 млрд теңгеден астам валютаның 157 дерегі.
Каспий су айлағында да браконьерлікке қарсы жұмыстар жүргізілді. Шекарашылар 55 заңсыз балық аулау дерегін әшкерелеп, 9 жүзу құралын, 21 км-ден астам ау мен басқа да құралдарды, сондай-ақ 1,4 тоннадан астам бекіре тұқымдас және сирек кездесетін балықты тәркіледі. Табиғатқа келтірілуі мүмкін залал сомасы 566 млн теңгеден асты.
Барлық деректер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жолданды. Шекарадағы өткізу пунктері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Айта кетейік, 25 тамыздан бастап Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қазақстан–Қырғызстан шекарасындағы «Кеген» автомобильдік өткізу пункті тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті.
В Атырау +2