
Тараз қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полковник Қанат Нұрмағамбетов пен оның орынбасары полковник Оразалы Құдабаевты ұстады, деп хабарлайды HALYQSTAN.
Алдын ала мәліметтер бойынша, күштік құрылым өкілдері пара алды деген күдікке ілінді. Белгілі болғандай, полицейлер бұған дейін қаланың орталық мешітінде бұзақылық жасағаны үшін ер адамнан ақша бопсалауға қатысы болуы мүмкін. Үш миллион теңгеге олар оған "мәселені шешіп", қылмыстық жауапкершіліктен босатып береміз деген көрінеді.
Қазіргі уақытта Нұрмағамбетов пен Құдабаев ҰҚКД-да жауап беріп жатыр. Айта кету керек, екеуі де өздерінің басшылық лауазымдарына жақында ғана тағайындалды: Құдабаев 2025 жылдың 27 шілдесінде, ал Нұрмағамбетов 31 шілдеде тағайындалды.
В Атырау +2