Атырау, 6 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда жасөспірімдер алғашқы жеке куәліктерін алды

Бейнежазба
500 рет қаралды

Атырау қаласында Конституцияның 30 жылдығына орай 16 жасқа толған жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктер табыс етілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл рәсім жастар үшін ерекше әрі есте қаларлық сәт болды.

Жеке куәліктерді тәртіп сақшылары табыстап, жас азаматтардың азаматтық мәртебесіне жаңа қадам жасағанына куә болды. Жеке куәлік – адамның жеке басын растайтын алғашқы ресми құжат, ол құқықтық мәртебені айқындайды әрі азаматтық жауапкершілікті күшейтеді.

Көші-қон қызметі жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік рәміздер мен ресми құжаттарға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізетінін хабарлады.


28 тамыз, 13:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.