Атырау, 6 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда 76 мың тонна егін жиналды: науқан қарқынды жүріп жатыр

293 рет қаралды

Атырау облысында ауыл шаруашылығы саласы заманауи техникамен қамтылып, су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізілуде. 

Өңірлік коммуникациялар қызметі. хабарлағандай, биыл өңірде 3 мыңнан астам техника тіркеліп, қосымша 83 жаңа машина сатып алынды. Көктемгі егіс жұмыстарына 780 техника жұмылдырылды.

Егіс көлемі биыл 9300 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4 мың гектарға артты. Оның ішінде:

  • Картоп – 665 га
  • Көкөністер – 2400 га
  • Бақша дақылдары – 1240 га
  • Мал азықтық дақылдар – 5000 га

Қазіргі таңда 4100 гектардан 76 мың тонна өнім жиналды. Су үнемдеу технологиялары 9600 гектарға енгізілген, бұл былтырмен салыстырғанда 82% көп. Оның ішінде 4300 га тамшылатып суару, 5300 га жаңбырлатып суару әдісі қолданылады.

Ауыл шаруашылығын қолдауға облыстық бюджеттен 465,3 млн теңге бөлініп, оның негізгі бөлігі су жеткізу шығындарын субсидиялауға бағытталған. Сонымен қатар тыңайтқыштар, пестицидтер, тұқым шаруашылығы және басым дақылдарға қолдау көрсетіліп отыр.

Маусымдық жұмыстарға 507 шетелдік жұмысшы тартылған, ал күзгі егін жинау науқанына қажетті 188 тонна жеңілдетілген дизель отыны шаруаларға уақытылы жеткізіледі, деп хабарлады облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.

28 тамыз, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.