Атырау, 6 желтоқсан 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Электр қуатын тұрақтандыратын «Самал» қосалқы станциясы қарашада қосылады

354 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот

Атырау қаласындағы «Самал» және «Сарыөзек» ықшамаудандарын тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге арналған жаңа қосалқы нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Мердігердің мәліметі бойынша, бүгінде жұмыс көлемінің 90 пайызы орындалды. 

Жоба аясында қуаты 16 МВт болатын екі трансформатор орнатылған. Станция қараша айында іске қосылады. Жобаның іске асырылуы қолданыстағы желілердегі жүктемені азайтып, жаңа тұрғын үйлерді, әсіресе күз-қыс мезгілінде, сенімді әрі үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы бағдарлама шеңберінде «Нұрсая» қосалқы станциясынан «Самал» қосалқы станциясына дейінгі ұзындығы 2 шақырым болатын 110 кВт жоғары кернеулі электр желісі жерасты кабельдік желіге ауыстырылып жатыр.

28 тамыз, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.