Атырау, 6 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда мектеп автобустары тексерілді: 40 автобустың 11-і талапқа сай емес

349 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz

Атырауда жаңа оқу жылы басталар алдында мектептердің айналасындағы жол инфрақұрылымы мен оқушыларды тасымалдауға арналған автобустар тексерілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің жол-техникалық инспекциясы жүргізген тексерудің басты мақсаты – оқушылардың мектепке барып-қайту кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Барлығы 40 мектеп автобусы қаралды, оның ішінде 11-інде ақаулар анықталып, жүргізушілерге ескерту берілді. Кемшіліктерді жою жұмыстары 1 қыркүйекке дейін толық орындалуы тиіс.

Сонымен бірге мектеп маңындағы жол белгілері мен жол таңбалары да тексерілді. Анықталған кемшіліктер бойынша жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беріліп, қазір орындалу сатысында.

– Балаларды тек жарамды көліктермен тасымалдау қатаң бақылауда болады. Жарамсыз көліктерге қатысты нақты шаралар қабылданды, – деді Атырау қаласы полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің аға мемлекеттік автоинспекторы Нұрсұлтан Құрақбаев.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап қаладағы мектептер маңына орнатылған «Сергек» бейнебақылау кешені жұмысын бастайды. Бұл аумақта көлік қозғалысының жылдамдығы 40 км/сағ болып белгіленді. Полиция жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

28 тамыз, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.