Атырау, 6 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мәжіліске жаңа депутат келеді

402 рет қаралды
Олжас Нуралдинов

Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев хабарлады.

26 тамызда партияның Ұлттық кеңесінің пленумы өтіп, онда Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаевтың өз еркімен мандатын тапсыру туралы өтініші қаралды.

Оның мандаты "Ақ жол" партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нуралдиновке берілді. Енді оның кандидатурасын ҚР Орталық сайлау комиссиясы бекітуі тиіс.

Анықтама: Олжас Нуралдинов 1989 жылы туған. Кәсіпкер, «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы. Бұған дейін партия тізімі бойынша Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып, экономика және қаржы жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің ІІІ және ІV шақырылымдарының мүшесі.

27 тамыз, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.