
Атырауда мұнай және мұнай-газ саласындағы ірі компаниялардың қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға 50-ден астам компания қатысып, жалпы саны 487 вакансия ұсынылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жәрмеңке барысында қатысушыларға түрлі мекемелердегі жаңа жұмыс мүмкіндіктері таныстырылды. Әсіресе дәнекерлеуші, слесарь, электрмонтаждаушы және механик секілді техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары екені атап өтілді. Жұмыс іздеушілерге еңбек шарттары түсіндіріліп, кейбірі сол жерде-ақ әңгімелесуден өтті.
Іс-шараға студенттер де, орта жастағы азаматтар да қатысып, өздеріне қолайлы жұмыс табуға мүмкіндік алды.
— Бұл жәрмеңке JOB FAIR форматында ұйымдастырылды. Мұнда жұмыс іздеушілер бірден бірнеше компанияға түйіндемесін тапсыра алады және жұмыс берушілермен тікелей сөйлесе алады. Жыл сайын өткізілетін бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ АОФ төрағасы Абылай Құрметұлы.
Айта кетейік, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері оң нәтижесін көрсетіп келеді. Биылдың өзінде Атырау облысында 764 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
В Атырау +4