Атырау, 6 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстан шекарасында тауарлар қанша уақыт тұрады?

340 рет қаралды
"Нұр жолы" өткізу бекеті

2025 жылғы 11-18 тамыз аралығында автомобиль өткізу пункттерінде тауарларды (ИВВ) шығарудың орташа уақытына зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің мемдекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

Есептеу автокөлік құралы шекаралық және кедендік бақылау аймағына кірген сәттен бастап мемлекеттік бақылаудың барлық түрлерінен – шекаралық, кедендік, көліктік, ветеринариялық, фитосанитариялық, санитариялық-карантиндік және радиациялық, сондай-ақ кедендік декларациялау уақытынан өтуді қоса алғанда, тауарлардың нақты шығарылуына дейін жүргізілді.

Зерттеу қорытындысы бойынша өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақыты: «Нұр Жолы» – 1 сағат 31 минут, «Алакөл» – 42 минут (облыс Жетісу), «Қонысбаева» – 1 сағат 30 минут, «Қазығұрт» – 1 сағат 30 минут, «Атамекен» – 1 сағат 30 минут (Түркістан облысы), «Бақты» – 1 сағат 17 минут (Абай облысы), «Қалжат» - 43 минут (Алматы облысы), «Майқапшағай» - 1 сағат 08 минут (ШҚО), «Тәжен» - 1 сағат 20 минут, «Темір баба» – 1 сағат 15 минут (Маңғыстау облысы) құрады.

Алынған нәтижелер мемлекеттік бақылау рәсімдерін жетілдіруге, өткізу пункттері жұмысының тиімділігін арттыруға, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін сервис деңгейін одан әрі оңайлатуға және халықаралық сауданы дамытуға мүмкіндік береді.

27 тамыз, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.