
Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы «Атырау қаласы, Алмалы ауылындағы мәдениет үйі құрылысы» (көпфункционалды мәдени орталық) нысанында жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
Тексеріс «Қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтініші негізінде ұйымдастырылған. Нәтижесінде авторлық қадағалау тарапынан Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының талаптары бұзылғаны анықталды.
Соның салдарынан «Redline Pro» ЖШС-нің авторлық қадағалау жөніндегі сарапшысы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 317-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
В Атырау +2