Атырау, 28 қазан 23:26
 дождьВ Атырау +12.7
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65

ІІ Абдалла Тоқаевты Иорданияның «Әл-Нахда» орденімен марапаттады

688 рет қаралды
Сурет: Ақорда

Иордания Хашимит Корольдігі Королі ІІ Абдалла Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Әл-Нахда» жоғары мемлекеттік орденін тапсырды.

Король Мемлекет басшысының Қазақстан мен Иордания арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Президент Тоқаев марапат үшін ІІ Абдаллаға, әл-Хусейнге және достас иордан халқына алғысын білдіріп, бұл оқиғаны екі ел арасындағы сенімге негізделген ынтымақтастықтың символы деп бағалады.

– «Бұл марапатты шынайы құрметпен қабыл аламын. Бүгінгі келіссөздердің қорытындысы екіжақты ынтымақтастығымызға жаңа көкжиек ашып, серіктестікті одан әрі нығайтады. Елдеріміз арасындағы конструктивті диалог пен тығыз қарым-қатынас алдағы уақытта да кеңейе бермек. Бұл жаңа бағыттар тек екіжақты әріптестіктің дамуына емес, өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа да ықпал етеді», – деді Мемлекет басшысы.
27 тамыз 2025, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.