Атырау, 6 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау облысы республикалық бюджеттің ең ірі донорларының бірі болмақ

390 рет қаралды

Қазақстанда 2026–2028 жылдарға арналған республикалық және аймақтық бюджеттер арасындағы трансферттер көлемі туралы заң жобасы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба бойынша, донор аймақтардан қаражат алынып, қажетті аймақтарға субвенциялар бөлінеді.

Атырау облысы 2026 жылы республикалық бюджетке 262,4 млрд теңге, 2027 жылы 237,9 млрд, ал 2028 жылы 278,9 млрд теңге аударады. Алматы мен Астана да ең ірі донорлар қатарында. 2026 жылы Алматыдан 491,8 млрд, Астанадан 125,6 млрд теңге алынады, 2027 жылы – сәйкесінше 600,9 млрд және 240,9 млрд, ал 2028 жылы – 699,7 млрд және 420,6 млрд теңге.

Республикалық бюджеттен субвенциялар көлемі :

  • 2026 жыл – 5,1 трлн теңге,
  • 2027 жыл – 6,3 трлн,
  • 2028 жыл – 6,8 трлн теңге.

«Чёрный лебедь, рак и щука» Telegram-каналының мәліметі бойынша, бір адамға шаққанда Атырау облысынан 367,5 мың теңге, Алматыдан 212 мың, Астанадан шамамен 80 мың теңге алынады. Ал ең көп субвенция алған аймақтар – Солтүстік Қазақстан (640,7 мың теңге), Қызылорда (592,7 мың), Жетісу (549,7 мың), ал ең аз көрсеткіш Павлодар (7,8 мың) және Алматы облысында (67,1 мың теңге).

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, трансферттер көлемін үш жылға бекіту бюджеттік жүйені тұрақтандыруға және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын теңестіруге мүмкіндік береді.

27 тамыз, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.