Атырау, 6 желтоқсан 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Бішкекте қазақстандық кәсіпкер алаяқтық күдігімен ұсталды

366 рет қаралды
Сурет: Kaktus.media

Бішкек қаласында қазақстандық кәсіпкер ұсталып, қазір уақытша тергеу абақтысында отыр. Бұл ақпаратты күш құрылымдарының өкілдері Kaktus.media редакциясына растаған.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2025 жылғы наурызда бішкектік екі азамат Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне алаяқтық туралы шағым түсірген. Олар З.А.-дан 2,5 миллион доллар сомасындағы қаражатты Қазақстаннан астық жеткізіп, оны Қырғызстан нарығында сатуға көмектесемін деп алдап алғанын мәлімдеді.

Дегенмен, ақша алғаннан кейін З.А. ғайып болған. Сол себепті Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды.

Бизнес ортадағы ақпарат бойынша, ұсталған адам – Алмаз Зарипов, ол KAZBRAND компаниясының директоры және «Қазақстанның аграрлық-өнеркәсіптік одағы» ҚБ президенті.

Бішкек қалалық сотының деректері бойынша, 23 тамызда Ленин аудандық тергеуші соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өтінішімен оған қатысты тергеу кезінде қамау шарасын қолдану туралы шешім қабылдады. Қамау 2025 жылғы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

27 тамыз, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.