Атырау, 6 желтоқсан 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Аграрлық несие корпорациясы басшысының бұрынғы орынбасары 8 жылға сотталды

328 рет қаралды
Мұрат Искаков, сурет: АНК баспасөз қызметі

Бас прокуратура Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп «Аграрлық несие корпорацисы» АҚ-ның (бұдан әрі - АНК) қызметін тексерді.

Тексеру нәтижесінде мемлекетке материалдық залал келтірген «Шымкент қаласында екі алма бағын салу» жобасын іске асыру барысында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор, 2021 жылы АНК-ның құрамына кірді) басшылығының лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі анықталған.

Аталған факті бойынша 10.07.2024 жылы Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеп-тексеру Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне (бұдан әрі – Департамент) жүктелді. 

Іс материалдарына сәйкес АНК Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары И.М. өнім беруші С.Р.-дың мүддесін көздей отырып, Шымкент қаласындағы техникалық ерекшеліктер мен мәлімделген өндірістік параметрлерге сәйкес келмейтін алма бақтарын пайдалануға қабылдаған (орындалмаған жұмыс соммасы – 430,6 млн теңге).

Нәтижесінде бүгінде мемлекетке сараптамалар мен мамандардың қорытындысы бойынша 685,8 млн теңгеге материалдық залал келтірілді.

Қылмыстық істің шеңберінде қосымша ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) және ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы (бөтеннің мүлкін иемдену) бойынша бір өндіріске біріктірілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.

07.08.2025 жылы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен АНК басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Искаков Мұрат және мердігер ұйымның директоры С.Р. мүлікті тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, Мұрат Искаков 2024 жылдың желтоқсанында «Аграрлық несие корпорацисы» АҚ-ның басқарма құрамынан шығарылған болатын. 

27 тамыз, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.