
Бермуд үшбұрышындағы барлық кемелер ерекше, бірнеше минутта суды баурап, батырғыш қасиеті бар 30 метрлік «өлім толқындарының» салдарынан жоғалып кетеді. Мұндай пікірді Daily Mail басылымы Channel 5 телеарнасына берген сұхбатында Саутгемптон университетінің океанографы Саймон Боксалл білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.
«Бермуд үшбұрышының солтүстігінде және оңтүстігінде дауылдар бар, олар бірігіп тұрады. Егер олар Флоридадағы дауылдармен күшейсе, өлім толқындарының пайда болуына әкелуі мүмкін», – деді ол.
Ғалымның айтуынша, бұл толқындар 30 метрге дейін көтеріле алады және екі-үш минутта тіпті үлкен кемені де батыруға қабілетті.
«Кеме неғұрлым үлкен болса, оның зақымдануы да соғұрлым үлкен болады», – деп түсіндірді Боксалл.
Оның пікірінше, «өлім толқыны» соншалықты күшті болуы мүмкін, тіпті кемені екіге бөліп жіберетіндей, бұл көптеген теңізшілер сигнал беруге үлгермей кеткенін түсіндіруі мүмкін.
Бермуд үшбұрышы – Атлант мұхитының батыс бөлігінде орналасқан аймақ, Флорида, Бермуд аралдары және Пуэрто-Рико аралығымен шектеседі. Бұл жерде мистикалық аномалиялардың салдарынан әуе және теңіз кемелері жиі жоғалып кететіндігіне сенім бар.
В Атырау +4