
Еуразияның солтүстік-шығысындағы Ресей аумағында орналасқан Камчатка түбегінің шығыс жағалауында 6,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметі ФИЦ Камчатка филиалы Telegram-арнасында хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, жер сілкінісі Камчатка уақытымен 15:49-да (Мәскеу уақытымен 06:49) болды.
Геофизикалық қызметтің мәліметінше, жер асты дүмпулері Петропавловск-Камчатскден 276 шақырым жерде орналасқан. Ошақтың тереңдігі – 66,8 шақырым.
Бұған дейін, 30 шілдеде Камчатка маңында 1952 жылдан бергі ең қуатты жер сілкінісі тіркелген болатын. Оның магнитудасы 8,8-ге жеткен. Әртүрлі аймақтардағы дүмпулердің қарқындылығы 6–7 баллдан да жоғары болған. Сонымен қатар, цунами дабылы жарияланып, Петропавловск-Камчатскийде төтенше жағдай режимі енгізілген еді.
В Атырау +4