
"ҚазМұнайГаз" бен "Өзбекнефтегаз" желілік алкилбензол (ЛАБ) өндіру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырады, деп хабарлайды Нефть и газ Казахстана телеграм-арнасы.
Желілік алкилбензол – хош иісті қатардағы синтетикалық көмірсутектердің қоспасы. Биологиялық ыдырау дәрежесі кемінде 95% болатын синтетикалық жуғыш заттар өндірісінде қолданылады.
Бүгінгі таңда жобаны бірлесіп іске асырудың жол картасы дайын, ҚМГ және ӨНГ мамандары жобаның ТЭО-сымен жұмыс істеуде, оның барысын "ҚазМұнайГаз" басшысы Асхат Хасенов Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша хабарламада жобаның қуаты және басқа да мәліметтері ашылмайды. " Тараптар полимерлерді бірлесіп өңдеу мен дайын өнімді жеткізуде елеулі әлеует бар екеніне сенімді. Бұл аймақта ортақ нарықты қалыптастыруға ықпал ететін болады" деп атап өтілді.
Бұл Өзбекстанның ЛАБ өндірісін іске қосуға арналған үшінші әрекеті. 2020 жылы "Өзкимёсаноат" осындай жобаны түріктің Çalık Enerji Sanayi ve Ticaret A.Ş. компаниясымен бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды. Тағы бір жоба Honeywell UOP (АҚШ) компаниясымен жоспарланған болатын. Олардың ешқайсысы әлі іске асырылған жоқ.
В Атырау +4