Атырау, 6 желтоқсан 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Елімізде қоқысты бөлек жинау жүйесі енгізіліп жатыр: экобокстар мектепке қойылады

218 рет қаралды

Қазақстанда қоғамда қалдықтарды кәдеге жарату әдетін қалыптастыру және қоқысты бөлек-бөлек жинау жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалаларда қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын экобокстар мен фандоматтар қарқынды түрде енгізілуде. Оған пластик пен алюминий тапсырған азаматтар бонустармен көтермеленеді. Қазірдің өзінде жекеменшік бизнес иелері Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскемен сияқты ірі қалаларда 100-ден астам фандомат орнатты.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев хабарлағандай, тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебінде қоқысты бөлек-бөлек жинауға арналған 1000-нан астам экобокс орнатылады.

Министрдің айтуынша бұл шаралар полигондарға жіберілетін қалдық көлемін азайтуға мүмкіндік береді және сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық санасын дамытуға көмектеседі.

27 тамыз, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.