Атырау, 15 шілде 17:36
 дождьВ Атырау +32.5
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04

Ресейде магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді: дүмпулер Маңғыстауға да жетті

476 рет қаралды

27 тамызға қараған түні сағат 01:33-те ҚР ТЖМ "Ұлттық ғылыми сейсмикалық бақылау орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Эпицентр Ресей аумағында – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 2321 шақырым жерде болды. Жер асты дүмпулерінің күші MPV шкаласы бойынша 5,2-ні құрады, ошақтың тереңдігі — 15 шақырым.

Жер сілкінісі Қазақстанда да сезілді: Маңғыстау облысында, Ақтаудан 209 шақырым жерде сейсмологтар 2 балға дейінгі жер асты дүмпулерін тіркеді.

Төтенше жағдай қызметтерінің мәліметі бойынша, зардап шеккендер мен қираған жерлер туралы хабарлама түскен жоқ. Аймақтағы жағдай тұрақты.

27 тамыз 2025, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.